Кәмшат Жолдыбаева кезекті ашық образымен елдің талқысына түсті (фото)

ЖАҢАЛЫҚТАР
5018

Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаева тағы да көпшілік арасында қызу талқыда. "Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған ару желіде аса ашық образдарын жиі жариялайтын болған. Ол талдырмаш мүсінін ғаламтор қауымына паш етуді әдетке айналдырып алса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық шоу-бизнесте өзін әнші әрі актриса қырынан сәтті түрде танытып жүрген Кәмшат бұл жолы ұзын және оқтай аяқтарын ел назарына ұсынған. Аталмыш фотодан өнер иесі өз шұлығын түзетіп жатқанын байқауға болады.

Эстрада жұлдызы қызыл түсті көйлегіне сай етіп, қызық туфли киіп алған.

Жолдыбаеваның Instagram парақшасындағы бұл суретіне қатысты желідегілердің пікірі бөлініп кетті. Бірі сылқымның әрекетін ерсі санап, оны сынап жатыр. Енді бірі, керісінше, оның мінсіз мүсінінен тәнті болғанын жасырмады.

"Сіздің суреттеріңіз барша Инстаграмның әшекейі болып табылады" , "Қандай жарқын әрі бірден көзге түсерлік фото" , "Ұят деген атымен қалмапты ғой" , "Сөзім жоқ айтарға, енді немен таңғалдырады екенсің?" , "Қазақ қыздарына не болып барады" , "Денеңмен емес, өнеріңмен тәнті қылсаңшы", "Денңізге сөз жоқ. Талодырмаш мүсін әркімнің арманы" , - деп жазуда халық.

Автор: Малика Хадид

ЖАҢАЛЫҚТАР

LRT іске қосылғаннан жолаушылар саны 180 мыңға жетті. Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл туралы CT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қараусыз қалған...