Киноактер және жекпе-жек өнерінің шебері Чак Норрис көз жұмды

Фото: Global Look Press

ЖАҢАЛЫҚТАР
22

86 жасында киноактер және жекпе-жек өнерінің шебері Чак Норрис өмірден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол бір күн бұрын ауруханаға жатқызылған, алайда отбасы оның қайтыс болу себептерін жариялаған жоқ.

“Әлем үшін ол жекпе-жек шебері, актер және күштің символы болды. Ал біз үшін — адал жар, қамқор әке мен ата, тамаша аға әрі отбасымыздың жүрегі еді», — делінген Чак Норристің Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

Толық аты: Карлос Рэй «Чак» Норрис. Ол 1940 жылы 10 наурызда АҚШ‑тың Оклахома штатында дүниеге келген. Ол жекпе‑жек шебері ретінде аса беделді әрі көп марапатқа ие болды. Норрис бірнеше жекпе‑жек турнирлерінде жеңіп, кәсіпқой орта салмақта 6 рет әлем чемпионы атанған.

Ол «Chun Kuk Do» деген өзінің жекпе‑жек өнер жүйесін де құрған. 1970‑жылдары Голливудта актер ретінде танымал болды, әсіресе Bruce Lee‑мен бірге Return of the Dragon фильмінде түсуі үлкен серпіліс әкелді. Кейінірек Missing in Action, The Delta Force сияқты ең танымал экшн‑фильмдеріне түсіп, 1993–2001 жылдар аралығында «Walker, Texas Ranger»телехикаясында басты рөл атқарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Ер адам Президенттің бірінші паркіне қарама-қарсы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда белгілі актер Асқар Жұмабекке қатысты жаңа жанжал туындады. Әлеуметтік желіде тараған мә...