Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды, д...
Автобуста кітап сатқан атаның оқиғасы жұртты елжіретті
Фото: әлеуметтік желі
Алматылық қыз қалалық автобуста кездейсоқ оқиғаға тап болды. Ол өз кітабын сатқан егде жастағы жазушыны көріп, әлеуметтік желіге жүктеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қызды қоғамдық көлік ішінде кітап сатқан қарияның іс-әрекеті бей-жай қалдырмады. Советхан Уалханов есімді жазушы кітабын ресми түрде басып шығаруға және дүкендерде сатуға рұқсат берілмегенін айтты. Сондықтан ол кітабын өзі тікелей қоғамдық көліктерде сатуға мәжбүр.
«Бүгін автобуста қария өз кітабын сатып жүрді. Ол кітаптарды дүкендерде басып шығарып, сатқысы келетінін айтты. Бірақ оған рұқсат етілмепті. Атаға қолдау көрсетейік. Бұл қазақ тіліндегі кітап — оның өмірі, қызықты сәттері мен қиыншылықтары туралы жазылған. Бұл кісі маған қатты әсер етті, мен оған көмектескім келеді», - деп жазды қыз.
Желі қолданушылары өз кітабын сатудан бас тартпаған, өз жұмысын адамдармен бөлісуді жалғастырған адамға қолдау білдірді.