Бағлан Әбдірайымовтың “Жігіттер” квартетіндегі тағдырына нүкте қойылды

Фото: инстаграмнан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2479

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов шығармашылыққа қатысты тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі топтан бөлінгісі келетінін жасырмады. 

“Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз”, – деп жазды топ солисі.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, топтан кетпеуін өтініп жатыр.

“Топтың сәні кетіп қалады. Көз үйреніп қалып еді”, “Бөлінбей-ақ, жеке орындаушы болып жүруге болмай ма?!”, “Мүмкін, ән айтуды қоятын шығар”, “Жігіттермен қырылып қалған”, “Еркін бар кездегі жігіттер от еді”, – деп жазды көпшілік.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...