Павлодарда әскери бөлімде атыс болып, әскери қызметкер көз жұмды

Фото: zakon.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
729

Павлодарда әскери бөлімде атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Атыс салдарынан тағы бір әскери қызметкер жарақат алды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметшілер арасында болған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды", – деп хабарлады ІІМ.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...