Балабақшаға кеткен 2 жастағы қыз көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1318

Өзбекстанда балабақша көлігінде қалып қойған 2 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өзбекстанның Қашқадария облысында қайғылы оқиға болды. Балабақша тәрбиеленушісі болған 2 жастағы қыз бірнеше сағат бойы жабық көліктің ішінде қалып қойып, көз жұмған

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, балабақшаға балаларды тасымалдаған қызметкер бүлдіршіндердің түгел түскенін тексермеген. Соның салдарынан қыз бала көліктің ішінде қалып қойған. Кейін көлік жабылып, күннің ыстығында бірнеше сағат тұрған.

Қайғылы жағдай қыздың ата-анасы баласын іздей бастаған кезде анықталған. Бүлдіршін көліктің артқы орындығынан табылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, балабақша басшылығы мен жауапты қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға берілді. Сот шешімімен мекеме басшысы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты тергеу жүрі...