Путиннің келуіне орай: Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
497

25-29 мамыр аралығында Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы жоспарланған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Осыған байланысты елорда көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген. Аталған күндері Астана аспанында Қорғаныс министрлігінің майдан авиациясының ұшуы жоспарланған», – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында бір тәулік ішінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Қайғылы жағдайлардың бірі өлім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның а...