Балаларға аяғын уқалатқан имам туралы Түркістан облысы білім басқармасы түсініктеме берді

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
4102

Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Видеоға қатысты жағдайды анықтауға Түркістан облысы білім басқармасы бірден тиісті жұмыстар жүргізген.

- Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінде таң намазынан кейін студенттерге айтқан уағыз-насихат барысында медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғына жаттығу жасап отырған шәкірттері емес, өз немерелері мен жиені екені белгілі болды. Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретіні белгілі болды, дейді басқарма өкілдері Ұлысмедиаға берген жауабында.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...