Шавкат Рахмоновтың әйелі зардап шеккен жол апатына қатысты тың дерек шықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1563

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккен және екі адамның өмірі қиылған жол апатына қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жамбыл облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, әйелден қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап алынған. Ол Алматыдағы ауруханада жатыр.

"Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру іс-шарасы аясында болған оқиғаның объективті көрінісін анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық әрекет жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Әйелге қатысты жүргізілген тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Өзге мәліметті Жамбыл облыстық ПД Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етпеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...