Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президент тапсырмасы бойынша Екібастұзда...
«Балам төртке бөлініп қалған »: Руслан Өтепбай Құлжа тас жолындағы жантүршігерлік жол апаты жайлы айтты
коллаж: MadeniPortal.kz
Алматыдағы Құлжа тасжолында былтырғы жылдың қазан айында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп келе келе жатқан екі адамды жеңіл көлік қағып кетіп, салдарынан біреуі қайтыс болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Журналист Руслан Өтепбай қайғылы оқиға жайында жапа шеккен отбасылардан сұхбат алды. Олардың сөзінше қара түсті Audi автокөлігінің жүргізушісі бар болғаны екі жарымға сотталған.
"Жантүршігерлік бұл апат 2025 жылдың 29 шы қазан күні орын алған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп келе жатқан екі азаматты қара түсті Audi автокөлігі қағып өткен. Жәбірленушілердің айтуынша, темір тұлпар сағатына 190 жылдамдықпен жүйіткіген.
Қазір бір емес, екі бірдей отбасының да еңсесі түсіп, көз жасы құрғамай отыр. Себебі бір жігіт мүгедек атанса, қаза тапқан ер адамның артында кішкентай екі баласы қалған…
Жол көлік апатынан кейін денсаулығынан айырылып, мүгедек атанған Закир Әлиевтің туыстары да сот шешімімен келіспейтін ұқсайды. Күдіктіні 2,5 жылға бас бостандығынан айырғандықтан, жаза жеңіл болды деп санаймыз дейді. 2 адамның өмірі үшін 2,5 жыл?", - деді Руслан Өтепбай.
Ал марқұм болған азаматтың анасы әлі күнге әділдік орнамағанын айтып налыды.
"Балам төртке бөлініп қалған. Мәйітті жуындыру кезінде әрең іліндіріп қойған деп. 100 метрдей жерге сүйреп, тіл қатпай кетті. Одан айналып қалып екінші баланы басты. Ол бала 28-де, менің балам 39-да", - дейді марқұм болған жігіттің анасы.