Қостанай облысындағы екі ауылда бруцеллезге байланысты карантин енгізілді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
410

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында бруцеллезге байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қазанбас ауылдық округіне қарасты Қазанбасы және Октябрьскоеауылдарында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының таралуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілді.

– Шектеу шаралары күшінде болған кезеңде Қазанбасы және Октябрьское ауылдарына сау малды әкелуге тыйым салынады. Ал малды ауылдан тек союға жіберу мақсатында ғана шығаруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ қолайсыз аумақта дайындалған шөпті, сабанды және басқа да ірі азықтарды өзге өңірлерге тасымалдауға болмайды. Бұған қоса, малдың немесе адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, – делінген ақпаратта.

Ауру ошағында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...