Павлодарда терезеден құлаған бала ажалдан аман қалды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
384

Павлодарда төрт жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 2026 жылғы 18 тамызда болған. Құлағаннан кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Ирбис ТВ» телеарнасының 20 тамыздағы мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен қызды тексеріп, қажетті медициналық шараларды жүргізген.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала ауыр жарақат алмаған.

«Қыз бала дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Ауруханаға жатқызуға көрсетілім анықталған жоқ. Ол амбулаториялық бақылауға жіберілді», – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...