Қызылордада автомобильдер тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2120

Қызылорда қаласының тұсында Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан DAF маркалы автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде видео жарияланды. Онда жеңіл автокөліктер тиелген жүк көлігінің көктайғақ салдарынан аударылып қалғаны көрсетілген. 

Оқиға, 5 желтоқсанда сағат 6:30 шамасында М-32 «Шымкент-Самара» тас жолының 1807 шақырымында тіркелді. Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Ж. Маханбетов ауылы тұсында болды. Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан «DAF» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай аударылған. Автокөлікке материалдық шығын келген. Дене жарақатын алғандар жоқ, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...