Ақтөбеде дүкеннен 15 млн теңгеге смартфон ұрлап кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
959

Ақтөбеде дүкеннен 15 миллион теңге көлемінде мобильді телефон ұрланған оқиға ашылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы полиция департаменті жазды.

Оқиға 15 наурызда түнгі уақытта орын алып, бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Белгісіз тұлға дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балта арқылы сындырып, 18 мобильді телефонды ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында күдікті анықталып, қаладағы бір көшеден ұрланған телефондарды өткізуге әрекет жасаған сәтінде ұсталды. Барлық ұрланған құрылғылар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...