Балуан Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
726

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

92 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде ол жапониялық Такаши Ишигуромен күш сынасты.

Дәулетбеков үзіліске дейін бірнеше нәтижелі әдіс жасап, 6:0 есебімен алға шықты.

Белдесудің екінші кезеңінде қос балуан ұпай ала алмады. Осылайша, Дәулетбеков жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев бахрейндік Хидир Сайпудиновқа есе жіберді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...