Penn State University-нің құқық мектібінің Assistant Dean Стивен Барнс MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-...
“Әйелінің қайда жүргенін сұрап отыратын еркекті абьюзер дейтін адам Алладан кемшілік іздейтін адам”: белгілі медиа-менеджер тосын мәлімдеме жасады
Видеодан скрин
Белгілі медиа-менеджер Жанәділ Райымбеков Instagram-дағы парақшасында шулы мәлімдеме жасады. Бұған қатысты Баян Алагөзова Instagram парақшасында қарсы пікір айтып, оны құзырлы органдардың бақылауға алуын сұрады.
“Әйелінің қайда жүргенін сұрап отыратын еркекті абьюзер дейтін адам Алладан кемшілік іздейтін адам. Алла Елшісі: “Әйелге күйеуінің рұқсатынсыз өз мүлкін жұмсауына тыйым салынады”-деген. Бұл туралы ғалымдар: “Бұл хадис әйел өзінің жеке дүние-мүлкін күйеуінің рұқсатынсыз жұмсамау керек екендігіне нұсқайды әрі Алла Тағала бекіткендей, бұл еркектің әйел үстінен толыққанды басымдылығы болып саналады. Алайда, егер күйеуі салиқалы мұсылман болса, бұл өкілеттілігін асыра пайдаланып, әйеліне өзінің дүниесін олар үшін зияны жоқ нәрсеге жұмсауына тыйым салып, қысым көрсетуіне болмайды”, - деген. Әбу Умама әл-Бахили (Алла оған разы болсын) былай дейтін: “Мен Алла Елшісінің қоштасу қажылығындағы хұтпасында былай деп айтқанын естідім: «Әйел күйеуінің рұқсаты болмаса, күйеуінің үйінен еш нәрсе жұмсамайды!» Одан: «Уа, Алланың Елшісі, тіпті тамақты да ма?» - деп сұрады. Ол бұл - біздің дүние-мүлкіміздің ең жақсысы», - деп жауап берді. Пайғамбардан Қандай әйел ең жақсы?» - деп сұралғанда ол: Күйеуі оған қарағанда оны қуантатын; ол оған бір нәрсе бұйырғанда мойынсұнатын және оның өзінен бір нәрсе ұнамаса немесе өзінің дүниесін қалай жарататыны ұнамаса, күйеуіне қарсы келмейтін әйел», - деп жауап берген”,- деді ол.
Ал Баян Алагөзова құзырлы органдардың осы блогерді назарға алуын сұрады.
“Осы блогерді назарға алуды сұраймын. Бүкіл халықтың алдында әйелді қорламасын. Біз әйелді толық адам деп санамайтын болсақ, дамыған ел болмаймыз”,- дейді ол.