Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арн...
Балық аулайтын орындарды смартфоннан көруге болады
Балық аулауға рұқсат етілген орынды арнайы қосымша арқылы көруге болады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл балық шаруашылығы субъектілерін, балықшыларды және мемлекеттік органдарды біріктіретін алғашқы цифрлық платформа.
Өткен жылдан бастап балық аулау ережесіне өзгеріс енгізілген болатын. Соған сәйкес, балықшылар рұқсат қағазын онлайн түрде ала алады. Ол үшін Poymay.kz қосымшасын телефонына жүктеп, тіркелгеннен кейін, өзіне жақын маңдағы балық аулау орындарының бірін таңдаса болды. Бұл балықшылар үшін де, біз үшін де өте тиімді қосымша. Балыққа бару кез келген уақытта туындайтын ой. Бірде ауа райы қолайлы болып қалса, біреулерде аяқ астынан демалыс болып қалуы мүмкін. Қазір шығыста 10 мыңға жуық әуесқой балықшылар бар. Осы қосымша арқылы біз олардың уақытын үнемдей аламыз, - дейді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысы Талғат Тұрсынханұлы.
Айта кетейік, қосымша арқылы тек рұқсат қағазын ғана алып қоймай, қандай да бір заң бұзушылық, браконерлік туралы инспекция өкілдеріне жылдам хабар беруге болады.