Ақтау әуежайының автотұрағында болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хаб...
Ақтөбеде әскери қызметкер 15 жастағы қызды зорлаған
ашық дереккөз
868
Сот әскери қызметшіні кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот шешімімен ол әскери атағынан айырылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қылмыс Ақтөбеде болған. Әскери қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабы — «Зорлау» бойынша сотталған. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері жүргізген.
Жәбірленуші кәмелетке толмағандықтан, іс бойынша толық мәлімет жарияланбайды. Сот отырыстары Астанада жабық режимде өткен.
Сот материалдарында ер адамның жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түскені айтылған. Ол кінәлі деп танылған.
Нәтижесінде бұрынғы әскери қызметкер 15 жарым жылға сотталды.