Қайта-қайта шәуілдеп, қанды іштіңдер ғой, түге!.

Жаңалықтар
9150

Азаматтық алмай тұрып беті бүлк етпестен, бүгін бетіңе күліп қарап, ертеңіне жала жауып сайраған сайрауық азаматтық алған соң сіздерге түйе сойып қуырдақ пісіріп береді...Ол туралы барлық шындықты оның өзі, күйеуі, ауылдастары және үш әріп жақсы біледі...Және қасында көп жүріп, көп әңгімесін тыңдаған біз жақсы білеміз...

Бері қарай қалай өткенін де, екінші рет қытайға қалай кері кірмек болғанын да.... қалай, не себептен тұтқындалғанын да.... Оның арты ашылып, оған зияндарың тимесін десеңдер, оның шынымен босқын мәртебесін алғанын қаласаңдар, менің тілімді қышытпай жайларыңа жүріңдер.

Өзі сайрағандай, "атажұртым, елім" деп аңсап келсе, қорлық көріп, түрмеге қамалмас үшін қашып келсе, екі балам, отбасым деп келсе, оны кері барса өлім күтіп тұрған болса, неге көп ұзамай шекарадан кері өтпек болды?.. Неге Қазақстанның жалған паспортын, флешканы, ұялы телефонын өртеді?.... (Сот кезінде сіздер оның бұл сөзіне мән бердіңіздер ме? Флешка, ұялы телефонды т.б. Бәйдібектегі үйінің ауласында өртеп, көміп тастағанын өзі айтқан. Ал басқа атпен жалған паспорт жасатқанын маған өзі айтқан...) Неге жасатты? Неге өртеді?

Соны өзінен сұраңыздар...

Босқын мәртебесін бермес бұрын адвокаты, не сот, не прокурор сұрасын...

Не дер екен...

45 гектар алма бағы бар үйін неге сатты? 15 мың доллар қара джиппен келген біреуге бердік деді... Кімге, неге берді? Абзал сайрауықтың күйеуіне қаншама рет айтты, "мұндай кезде ситуацияны пайдаланып, сендерге көмектесеміз деп, екі ортада ақша жасайтындар болады, ешкімге бір тиын да бермеңдер, ортада жүрген делдалдарға жем болмаңдар" деп қанша айтты. Қара джиппен келген біреуге 15 мың доллар беріпті-мыс...

"Қалған ақшаңды құртып қоймай тұрғанда үй алып ал" дедік. Иә-иә деп жүрді. Көп ұзамай үйге ұры түсті деп мені алдады. Мен әдеттегідей, пост жаздым. Ол ұры емес екен, терезеден кірген өз таныстары екен-мыс... "Үйдің ақшасын ұрлауға келген шығар, ақшаларың қайда еді, сол үйде ме еді?" деп сұрадым. "Дачада тұратын Уәлидің апасының үйінде" деді. 1 ай өтер-өтпестен ол апайы ақшамызды құртып қойыпты, жаратып қойыпты деді. Бір аптадан кейін "сол апайымыз қайтыс болды" деді...

Не деген оқиғалар тізбегі деймін да!...

Мықты сценарийшінің киносында болмаса, өмірде айналдырған 1-2 айда осыншама оқиғалар орын алады дегенге.... сол күндері әр сөзіне сенсем де, бүгінде ой таразысына салсам, аса сенбеймін....

*Ол туралы ештеңе жазбаймын, айтпаймын, ол мен үшін жабық тақырып деп едім... зиянымды тигізбей-ақ қояйын деп едім....

Тыныш жатқан кобраның құйрығын баспай, сендер де тыныш жүріңдер дедім.

Қайта-қайта шәуілдеп, қанды іштіңдер ғой түге!..

** Сосын... бастарыңмен ойлаңдар, егер анау мойындарыңдағы шынымен бас болса... ар жақтағы 1 млн қазақ қорлық көріп жатқанда, неге "сайрауықтың туыстарын, оның күйеуінің туыстарын тұтқындапты, түрмеге қамап, қорлық көрсетіп жатыр екен" деген ләм-мим деген сөз жоқ? Неге??
Немесе, неге бәліштің әпкесі арғы бетте спокойны мемлекеттік қызметте, ал бауыры ірі қытай компаниясында? Неге?? Ар жақтағы бар мұсылманға келген нәубет қалайша бұларды айналып өткен?.....

Жауабын сіздер білмесеңіздер, мен білмеймін....

Сәуле Әбілдаханқызы

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...