Банктік кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат жалған – ресми ескерту

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1140

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Тетіктің жұмысы туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...