Данияда мұсылмандар үшін қасиетті саналған Құран кітабы өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda...
Жолды жауып тастады: Алматыда мектеп түлектері жол ережесін өрескел бұзды
Фото: Шедеврум
Алматы облысында мектеп түлектері жол ережесін бұзып, жолды жауып тастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.
Алматы облысында мектеп бітірушілер мінген бірнеше көлік “Үлкен Алматы айналма жолында” (БАКАД) жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қозғалысты тоқтатуға дейін барған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда көліктер колоннамен жүріп, басқа көліктерге кедергі келтіріп, қозғалыс жолағын жауып тастағаны көрінеді. Сонымен қатар кей жасөспірімдер көліктің терезелерінен сыртқа шығып алған. Кейбір көліктерде мемлекеттік нөмірлер де болмаған.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік беріп, барлық ереже бұзғандар анықталып, жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
“Жол қозғалысы ережелерінің 17 бұзушылығы бойынша – қауіпсіздік белдігін тақпаудан бастап, апатты жағдай туғызуға дейінгі материалдар сотқа жолданды. Барлық көлік арнайы тұраққа қойылды”, – делінген полицияның ресми хабарламасында.