Ел тарихындағы алғашқы “бесем” ауруханадан шықты

Фото: ЖИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1441

Солтүстік Корея азаматшасы ел тарихындағы алғашқы бесемді дүниеге әкелген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда тұратын Пак Кён Сим есімді тұрғын жүктілігі кезінде бірден бірнеше баланы күтіп отырғаны анықталған соң, арнайы перзентханаға жеткізілген. 

Орталық Корей телеграф агенттігінің (KCNA) хабарлауынша, 31 қаңтар күні Пак Кён Сим екі ұл және үш қызды дүниеге әкелген. Бұл – ел тарихында ресми түрде тіркелген алғашқы бесем босану жағдайы.

Сәбилер бес ай бойы медициналық бақылауда болып, жақында ауруханадан үйлеріне шығарылды. Дәрігерлер ана мен балалардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...