"Бәрі бітті": Меруерт Түсіпбаева жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

Фото: инстаграм @meruert_tusupbaeva

ЖАҢАЛЫҚТАР
2008

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева желіде әсерлі жазба жариялап, жеке өміріндегі жаңалығын жария етті, деп хабарлайды madeniportal.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі махаббатымен қоштасқанын айтты. Әнші сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі тіпті махаббатымен қалай қоштасқанын көрсетті. Ол өміріндегі қиын кезеңде студияға барып, махаббат туралы ән жаздырған.

“Жаратқаннан жалбарынып шын сұрасаң лаулаған сезіміңе де тосқауыл қоюға болады екен. Бәрі бітті. Сонша уақытымның бос кеткеніне өкінбеймін. Бұл менің тағдырым. Осындай сезім болмаса, мұнша ән жарыққа шықпас еді. Барлық әндерім ол туралы болды. Мына өлеңді 10 минутта жазып шықтық", - деп жазды Түсіпбаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...