“Бәрін тоқтаттым”: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
538

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында бәрін тоқтатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

"Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камер. Ән. Жарық. Келесі қадам — үнсіз", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің концерттері денсаулығына байланысты кейінге шегерілген еді. Бұл туралы оның әкесі Төреәлі Төлепов желі парақшасында айтты. 

"Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік!

Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар", - деп жазған еді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Biz Birgemiz Qazaqstan қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі Астана қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында жасөспірімдер суға түсуге арналмаған орында батып кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL...