Париж маңында ұшақ апатынан үш адам қаза тапты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1268

Парижден шамамен 100 шақырым жерде орналасқан Францияның Шартр қаласы (Эр және Луара департаменті) маңында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлады, деп жазды MADENIPORTAL.KZ turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Ұшақ тұрғын үй ауданында құлағанына қарамастан, үйлердің үстіне құламаған", – делінген префектура таратқан мәлімдемеде. БАҚ мәліметінше, бір ғана автокөлікке зақым келген.

Қаза тапқандар қатарында екі ер адам мен бір әйел бар. Олардың жасы нақты көрсетілмеді.

Ұшақ Шартр қаласындағы аэроалаңға тиесілі әуеклубқа қараған. Оқиға орнына полиция келіп, аумақты қоршауға алды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...