Маңғыстау облысында жұмысшының денесі табылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2380

Маңғыстау облысындағы Солтүстік Бозашы кен орнында қайғылы оқиға болды, деп  хабарлайды madeniportal.kz.

Lada.kz мәліметіне сүйенсеу, 24 желтоқсанда Солтүстік Бозашы кен орнында 1988 жылы туған төртінші разрядты мұнай-газ өндіру операторы Досан Ахметов қаза тапты. Оның өлімінің себебі анықталып жатыр. Белгілі болғаны – марқұмның денесі жұмыс істеп тұрған мұнай айдағыштың жанынан табылған.

“GPS деректеріне қарасақ, ол сағат 09:53-те объектіге келіп, кезекшілікке кіріскен. Ал 11:15-те тіршілік белгілері жоқ өлі денесі табылды. 25 желтоқсан күні таңертең өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясы оқиға орнына барды”, – деп мәлімдеді мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Нұрәлі Баулыбаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...