2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Тиісінше мемл...
Астанада мас ер адам балалар кафесінде бүлік шығарды
ашық дереккөзден алынған
Астанада белгісіз ер адам мас күйінде есікті бұзып ішке кірмек болған. Ол әрекеті сәтсіз болған соң, айналасын талқандауға кіріскен, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы ИА «NewTimes.kz» жазды.«Мас адам есікті бұзбақ болды, ішке кіруге тырысты, бірақ оған шамасы жетпеген соң – айналаның бәрін қиратуға кірісті. Балаларға арналған аэрохоккей құрылғысын сындырды, электр қалқанын жұлып алды, есікті бүлдірді және соңында өте жиіркенішті түрде масқара болды», – деді кәсіпкер.
Дулиннің айтуынша, бұл кафе елорда орталығында, Триумфалды арканың жанында орналасқан және тоғыз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл орын кәсіпкер үшін жай ғана бизнес емес, өмірінің бір бөлігіне айналған.
«Бұл жер мен үшін үй секілді. Мұнда күн сайын балалар күліп, ойнап, қуана келеді. Ал енді бұл орын қорланып, біреу сенім мен жылылықты, балалық шақты таптап кеткендей күй кештім», – деп қосты ол.
Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген залал шамамен 300 мың теңге мөлшерінде. Куәгерлер ер адамның өте агрессивті болғанын және полиция келгенше оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.
Иесі кінәлі адамды жазалауды көздеп отыр және қала тұрғындарынан көмек сұрайды.
«Егер біреу бірдеңе көрсе – жазыңыз. Өтінемін, репост жасаңыздар. Біз бірге мұндай жағдайлар жазасыз қалмауына қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті Дулин.