«Басқа сүйіктісі болған»: Жан Ахмадиев желіде Меркіде қаза болған қызды қаралап жатқандарға жауап берді (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
129

Блогер Жан Ахмадиев Мадинаның өліміне қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерге байланысты жазба жариялады. Ол Мадиярды қорғау үшін марқұм Мадинаны қаралауға болмайтынын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Блогердің сөзінше, оқиғаның ақ-қарасын тергеу мен тиісті сараптамалар анықтауы керек. Ал өмірден өткен адамның атына дәлелсіз айып тағу дұрыс емес екенін жеткізді.

«Мадиярды қорғағыларың келсе — қорғаңдар. Бірақ ол үшін өмірден өткен Мадинаны қаралаудың қажеті жоқ! Ол енді өзіне жауап бере алмайды. Шындықты тергеу мен сараптама анықтасын. Ал Мадинаның аруағын қорлауға жол бермейміз!» — деп жазды Жан Ахмадиев.

Осылайша блогер көпшілікті тергеу қорытындысы шықпай тұрып асығыс тұжырым жасамауға және марқұмның ар-намысына құрметпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, желіде Меркіде қаза болған Мадинаға қатысты көптеген дәлелденбеген ақпараттар тарап кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде 10 жастағы баланы электр қосалқы станциясында тоқ соғып...

PESTEL

Калифорнияда бір топ альпинист Google-дың Gemini чат-ботына тым қатты сеніп, тауға шығу кезінде қиын...