Президент ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтарды әр өңірде салуды ұсынды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
138

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау мәселесіне баса назар аударуды тапсырды. Президент бұл туралы Құрылтайдың бірінші сессиясында айтты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Президенттің сөзінше, Құрылтай бұған дейін қос палаталы Парламент депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауы тиіс. Соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдауға арналған заңға айрықша мән берілуі қажет.

«Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай балаларға арналған арнайы орталықтарды әр облыста және ірі аудандардың қалаларында салу қажеттігін айтты. Президент бұл бастамаға демеушілер де атсалысатынына сенім білдірді.

«Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. Демеушілер де осы маңызды іс-шараға қатысады деп сенемін. Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным», – деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл мәселені бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында да көтергенін еске салды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...