Александр Машкевич Еуропада жерленуі мүмкін

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2182

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының тең иесі Александр Машкевич Еуропада жерленуі мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Машкевичті Еуропада жерлеу күтілуде», – деді дереккөз жексенбі күні КазТАГ агенттігіне.

Бизнесменнің көмекшісі жерлеуге қатысты ақпаратқа пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетейік, 22 наурызда ERG баспасөз қызметі Машкевичтің қайтыс болғанын ҚазТАГ редакциясына растады. Компания мәліметінше, бизнесмен ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмған. 23 наурызға қараған түні Машкевичтің қайтыс болуына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...