«Басын ломмен ұрған»: Сарыағаш қаласында адамшошырлық қылмыс тіркелді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1586

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында қанды қылмыс орын алды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында айтты. Екінші топтағы мүгедектігі бар Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары айдалаға апарып 14 жерден пышақтап, азаптап өлтірген.

«Менің ұлымды өзінен 4-5 жас үлкен айуандар жауыздықпен өлтіріп отыр. Ішіп-шегіп алған олар баламды 14-15 жерінен пышақтаған. Жүрегінен ұрған, маңдайынан ломмен ұрған. Айдалаға апарып тастап, өздері дым болмағандай көліктеріне қыздарды салып алып тайраңдап кетіп қалған», — деді Жасұланның анасы.

Қылмыс болмас бұрын Мұрат есімді күдікті марқұмға 280 000 несие алғызған. Ең сорақысы күдікті азаматтың әскери қызметкер екені белгілі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...