Ақтөбелік ару Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1176

Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жоба дайындады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, студент жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады.

Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді.

Бұл жобаның ерекшелігі – жасанды интеллекттің шығармашылық салада қолданылуы, сондай-ақ тарихи тұлғаның ерлігін жаңа формада танытудағы жаңашылдық, - делінген мәліметте. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...