Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1570

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

27 шілде күні таңертең тауға шыққан жігіт Медеу ауданында жоғалып кетті. Сағат 23:02-де іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Жігіт тауда жүрген сәтте ауа райы күрт нашарлап, жаңбыр мен бұршақ жауып, биік тұстарда қар түскен. Қазір іздестіру жұмыстарына секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел мен қалың бұлт кедергі келтіруде.

Іздеу «Жастар» шыңы маңында жүріп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Оқиға орнына ТЖД, РЖҚЖ мамандары, кинологтар, дрондар және еріктілер тартылған. Мыңжылқы шатқалында жедел штаб құрылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...