Басына пакет кигізген: Алматыдағы 61 жастағы ер адам қайтыс болған

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
119

Алматыда басына пакет кигізілген күйде көпқабатты үйдің кіреберісінен шығарылған 61 жастағы ер адамның қаза тапқаны белгілі болды. Оны өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірнеше адамның басына пакет кигізілген ер адамды подъезден алып шығып бара жатқан сәті түсірілген видео тараған болатын. Кейін видеодағы ер адамның адам өлтіру қылмысының құрбаны болғаны анықталды.

Полиция мәліметінше, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілердің марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті істің Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынғанын хабарлады.

«Тергеуді ІІМ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта қылмыстың нақты мән-жайы мен күдіктілердің әрекеттері анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Шоу-бизнес

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде өзін және өзге адамдарды кемсіті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

4 қазанда Семей қаласында жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPo...