Қазақстанда алғаш рет ақшаны қалай тапқанын дәлелдей алмаған азаматтардың байлығы мемлекетке қайтары...
Бір жылда садақ атуды үйреніп, чемпион болды: 51 жастағы ұстаз Президенттен орден алды
Ақорда
30 жылын ұстаздыққа арнаған Аяш Қабдолла 51 жасында садақ атудан чемпион атанып, «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан топ жарған мергенге мемлекеттік награданы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.
Аяш Қабдолланың спорттағы жолы ерекше. Ол үш онжылдық бойы мұғалім болып еңбек еткен. Ал садақ атумен салыстырмалы түрде кеш айналыса бастағанына қарамастан, небәрі бір жылдың ішінде ұлттық спорттың қыр-сырын меңгеріп, халықаралық додада чемпион атанды.
Осылайша 51 жасында үлкен спорттық жетістікке жеткен ұстаз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғады.
Айта кетейік, Аяш Қабдолланың отбасы да ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Осылайша ұлттық спорт бір әулеттің ортақ қызығушылығына айналған.