БҚО-да 2026 жылы қызылшаға күдікті 29 жағдай анықталды...
Белгілі актер қызға шабуыл жасауға әрекеттеніп, тағы да жанжалға ілікті
Коллаж: MadeniPortal.kz
Қазақстанда белгілі актер Асқар Жұмабекке қатысты жаңа жанжал туындады. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, ол түсірілім кезінде қызға қатысты агрессия танытып, шабуыл жасауға әрекеттенді деген айып айтылуда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Оқиға 2025 жылғы 20 наурыз күні таңертең болған. Жәбірленушінің айтуынша, түсірілім алдында актердің өзі оны ертерек оятуды сұраған. Бұған дейін бірнеше рет түсірілімге кешігіп немесе мүлде келмей қалғандықтан, қыз сағат 8:30-дан бастап хабарласып, оның уақытында келуін қадағалаған.
Алайда актер түсірілім алаңына келген соң, «тым ерте ояттың» деп наразылық білдіріп, сөзге келген. Кейін жағдай ушығып, қыздың айтуынша, актер тарапынан физикалық күш қолдану әрекеті болған. Оқиға орнында болған видеограф әріптесінің арқасында жағдайдың алдын алу мүмкін болған.
Жәбірленуші бұл жағдайдың өзіне қатты әсер еткенін айтып, қорқыныш сезінгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол актердің бұрын да түсірілім барысында ашушаңдық танытып, жанжал шығарып жүргенін атап өтті.
Айта кетейік, Асқар Жұмабек бұған дейін де даулы оқиғаларға іліккен. 2023 жылдың қазан айында Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 соты оны караоке-бардағы төбелеске қатысқаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 6 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Кейін, 2024 жылдың 20 тамызында ҚР Жоғарғы соты үкімді қайта қарап, жаза мерзімін 4 жыл 15 күнге дейін қысқартты. Ол бір жылға жуық уақыт өтеген соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.
Қазіргі таңда бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Алайда актердің өзі тарапынан ресми пікір әлі жарияланған жоқ.