Жамбыл облысында 10 жасар баланың қаза болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қайғылы оқиға ө...
Елдос Сметовтің Қытайда өтетін Гран-при турниріндегі қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөз
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріндегі басты қарсыластары франциялық Ромен Валадье-Пикар мен израильдік дзюдошы Ицхак Ашпиц болады, - деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Елдос Сметовтің бұл - Париж Олимпиадасындағы жеңістен кейінгі алғашқы ресми халықаралық жарысы. Бұған дейін ол мамыр айының басында Астанада өткен Grand Slam турнирінде Golden Fight аясында ұлымен қысқа көрсетілім белдесуін өткізген.
"Олимпиада чемпионы Париж Олимпиадасынан кейінгі екі жылдық үзілістен соң Қытайдағы Гран-при турнирінде татамиге қайта оралады. Қазір оның ең мықты қарсыластары - Валадье-Пикар мен Ицхак Ашпиц", – деп хабарлады басылым.
Ромен Валадье-Пикар - 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Франция құрамасы көшбасшыларының бірі. Ол - 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2023 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Ал Ицхак Ашпиц – Израиль құрамасының 2028 жылғы Олимпиада алдындағы болашақ көшбасшыларының бірі саналатын 18 жастағы спортшы. Оның басты жетістіктері қатарында Grand Slam турнирінің алтыны, 2026 жылы Тбилисиде өткен ересектер арасындағы Еуропа чемпионатының қоласы және 2023 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісі бар.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Елдос Сметовтің 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысатынын ресми түрде растады.