Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1224

Абай облысы бокс федерациясының президенті Махат Төреәлі Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Астанадан пәтер сыйлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Су жаңа пәтердің кілті Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде табысталды. Сонымен қатар, жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті.

«Бүгін қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған - Бекзат Саттарханов туралы жазылған кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Бұл ерекше сәт елге еңбегі сіңген спортшыға деген зор құрметтің белгісі. Шара барысында Бекзаттың ардақты анасы - Сырлыкүл апамызға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл - ел ұлына деген мәңгі сағыныштың және ананың еңбегіне деген шынайы алғыстың көрінісі», - деп жазылған спорт кешенінің Instagram парақшасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...