Алматы маңындағы бөгетте екі жасөспірім суға батып кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
542

Алматы облысының Талғар ауданында үш мектеп оқушысы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жалқамыс ауылы маңында болған, деп хабаарлады MadeniPortal.kz.

Ауыл әкімі Нұрбол Ерікұлының айтуынша, 9-сынып оқушылары ауылдан шамамен бес шақырым жерде орналасқан Саз Талғар бөгетіне шомылуға барған.

«Бұл су қоймасында шомылуға тыйым салынған. Тіпті балық аулауға да болмайды. Соған қарамастан, үш оқушы суға түскен», – деді әкім тілшімізге.

Қайғылы оқиға орнынан жағалау маңынан оқушыларға тиесілі киімдер, телефон және велосипед табылған.

«112 желісіне Саз Талғар №2 су қоймасында болған оқиға туралы хабарлама түсті. Ата-анасының қарауынсыз қалған үш кәмелетке толмаған жасөспірім демалысқа жабдықталмаған аумақта су маңында жүрген. Абайсыз әрекет салдарынан олар суға құлаған», – деп хабарлады редакция сауалына жауап берген Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына дереу Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жіберілген.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Кейін қаза тапқандар табылғаннан соң, ТЖД құтқарушылары «Барыс» республикалық құтқару жасағы қызметкерлерімен бірге үшінші адамды іздеуді жалғастырды. Аумақты тексеру кезінде оқиға орнынан шамамен 150 метр қашықтықтан ер адамға тиесілі болуы мүмкін жеке заттар табылды», – деп қосты ТЖД өкілдері.

Іздеу жұмыстары құрлықта жалғасып жатыр.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпті аумақтарға бармауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабайда найзағайдың кесірінен екі өрт шықты. Өрт сөндірушілер Ақылбай орман шаруашылығындағы өртте...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырға...