Қазақстанның бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1765

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2 желтоқсанда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі. Ал Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтілсе, Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. 2-3 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады. Ертең Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ал түнде Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 2 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Сондай-ақ Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал. Астана қаласында 2 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...