«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы «Реалмен» болған матчтан соң желі жұлдызына айналды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1482

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы өткен матчтан кейін әлеуметтік желілерде жылдам танымал бола бастады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Жас қақпашы алаңға алматылық команданың негізгі құрамында шықты, өйткені екі басқа қақпашы — Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған еді.

Бес гол жіберіп алғанына қарамастан, қазақстандықтар 18 жастағы Шерханды мақтап, қолдау көрсетті. Ал оның әлеуметтік желідегі жазылушыларының саны үш есеге артты — 50 мыңнан 171 мың адамға дейін (материал жарияланған сәттегі көрсеткіш).

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал» матчыннан кейін Шерхан Қалмырзаны мадридтік команданың бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа қолдады. Ол финалдық ысқырықтан соң қазақстандықпен сөйлесіп, Instagram желісінде бірге түскен суретін жариялады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...