Берденовты атқан адамның әкесі өз ойымен бөлісті

Фото: Әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1782

Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пралиев өз отбасының атынан Руслан Берденовке қолдау білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

"Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – делінген мәлімдемеде. 

Ернар Жиенбайдың әкесі тергеу мен сот әділ түрде істің барлық мән-жайын анықтайтынына сенім білдірді. 

"Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес", — деді Жиембай Пралиев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік күтпеген жаңалығын бөлісті....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге және басқа да құрылымдарға қауіпсіздік шарала...