Алматыда бір мезетте 12 мыңға жуық оқушы домбырада ойнаған (ВИДЕО)

Алматы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
143

Алматыдағы Almaty Arena мұз сарайында «Домбыра үні» балалар флешмобы жаңа ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бір мезетте 12 мыңға жуық оқушы домбырада ойнаған. Бұл ауқымды жоба Алматы қаласы Білім басқармасының Наурыз мейрамы құрметіне қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас мерекелік көңіл күй сыйлау және мегаполистегі жас музыканттарды бір шығармашылық серпінге біріктіру идеясын айқын көрсетті. Флешмобтың мақсаты — домбыра үні арқылы балаларға ата-баба мұрасын жеткізу, ұлттық рухты нығайту және қазақ мәдениетінің сұлулығын таныту болды.

Жобаға дайындық концертке дейін әлдеқайда ертерек басталды. Бірегей попурри жасау үшін бір туындының аясында ғасырлар тереңдігін және заманауи әуезді ұштастыру жөнінде шешім қабылданды. Бағдарламаға Төлеген Мұхамеджановтың, Алтынбек Қоразбаевтың шығармалары, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері және Құрманғазының заманауи өңдеудегі аңызға айналған «Балбырауын» күйі енді. Осы нөмір үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, қойылымды сүйемелдеген авторлық бейнеконтент арнайы дайындалды.

 

 
Посмотреть в Threads

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қалада жаңару мен ұлттық нақыштың ерекше атмосферасы сезіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Көше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Әсет Матаев ұсталды. Ол 17 наурыз кешінде Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығы маңында бо...