Жанабыловтар ісі бойынша сотта жаза мәселесі қаралуда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жанабыловта...
Ақтауда мыңнан аса студенттің заңсыз ісі әшкереленді
Фото: freepik
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ағылшын тілі пәні бойынша тестілеу кезінде академиялық адалдық талаптарын бұзды деген күдікпен 1248 студент тексеріске ілікті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Университеттің хабарлауынша, арнайы комиссия NEO білім беру платформасына кешенді талдау жүргізіп, бірқатар студенттердің Telegram-боттар, автоматтандырылған сервистер және бөгде адамдардың көмегіне жүгінген болуы мүмкін екенін анықтаған.
Даулы жағдай студенттердің міндетті тілдік тестілеу нәтижелеріне қатысты наразылығынан кейін белгілі болған. Биыл NEO платформасында жалпы саны 1882 студент білім алған болса, олардың 1248-іне қатысты академиялық жауапсыздық белгілері тіркелген.
Тексеру қорытындысы бойынша ережені өрескел бұзды деп танылған 14 студент университеттен шығарылды. Қазіргі уақытта қалған студенттердің ісі бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Университет басшылығы академиялық адалдық қағидаларын бұзуға мүлде жол берілмейтінін мәлімдеді.