Қазақстанда салынған 1672 мектептің 521 Оңтүстік өңірінде, яғни қазіргі Шымкент қаласы және Түркіста...
“Бес жасында 25 келілік ұн таситын”: Еркебұлан Тоқтардың анасы желі қолданушыларын жылатты
ашық дереккөз
Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық қарсыласына есе жіберді. Оның анасы осы жеңілістен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
"Еркебұлан 1995 жылдың 29 желтоқсанында туған. Ол біздің шетінеп кеткен ұлымыздан кейін өте қатты күткен баламыз болды. Туғанынан өте салмақты, жылап шаршатпайтын. Өзінен кейін туылған Әділ-Еріме бірден қамқор болып өсті, қасымда қолқанатым болып, еңбекпен өсті. Шанамен қасымда жүріп үйге алған ұнымды таситын бес жасында. 25 келілік. Айта берсем таусылмайтын әңгіме. Жаным балам, Алланың көзі тура болсын, сен біз үшін ең қымбатты, ең мықты,ең құрметті ұлымызсың! Саған екі дүниеде де ризамыз! Денің сау, аман-есен күліп ойнап жүруіңді Алла нәсіп етсін! Екі дүние бақытын нәсіп етсін", - деп жазды актердің анасы.