Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, х...
Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі көз жұмды
Фото: istockphoto.com
Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бүгін Алматы облысында әскери қызметкен көз жұмды және алдын ала қорытындыға сәйкес өлімнің себебі де анықталған.
"2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия", — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", — делінген хабарламада.