«Бетіне бұтақ кіріп кеткен»: Солтүстік Қазақстанда бүлдіршін коммуналдық қызметкерлер қалдырған шұңқырға құлап кеткен

Сурет: Tengrinews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1652

Солтүстік Қазақстан облысында алты жастағы бала коммуналдық қызметкерлер қазып, қоршалмаған шұңқырға құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Тайынша ауданына қарасты Донецкое ауылында болған.

Жарақат алған баланың туыстары Tengrinews.kz-ке берген мәліметінде, ауылда су құбырын тарту үшін терең шұңқырлар бір айдан астам уақыт бұрын қазылғанын айтқан. Кейін жұмыс тоқтатылып, қауіпті орлар қоршалмаған және ешқандай ескерту белгілері орнатылмаған.

«Кирилл велосипедпен жүріп, шұңқырды байқамай қалды. Сол жерге құлап түсті. Бақытына орай, шұңқырда жатқан үлкен ағаш бұтағы оған тірек болды. Сол бұтақ арқасында ол сүйек сынуынан аман қалды. Бірақ Кирилл беті қатты жарақаттанып, ми шайқалуын алды. Ол жылап, жараланған күйде, бетіне қадалған бұтақтармен үйге өзі келген», – деп есіне алады туыстары баланың басынан өткен ауыр сәтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...