Павлодардың 20 жастағы тұрғыны ауыр жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен ауруханаға түсті. Ол соңғы екі...
Белгілі теолог Нұрлан имам Алматыдағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
Фото: MadeniPortal.kz
Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы Алматыдағы Құрылтай сайлауында дауыс беріп, азаматтарды маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Тарихи кезеңде тұрмыз. Сондықтан әр азамат таңдау жасаудан қалыс қалмау керек деп ойлаймын. Өзім де көпке үлгі болу үшін дауыс беруге келдім. Бұл – өзіміздің, ұрпағымыздың және мемлекетіміздің алдындағы азаматтық борышымыз», – деді Нұрлан имам.
Оның айтуынша, әр азаматтың дауысы – елдің тұрақтылығы мен болашағына қосқан үлесі.
Теолог депутаттар құрамында әртүрлі саланың өкілдері барын да атап өтті.
«Бұл – жақсы үрдіс. Құрылтайдың жан-жақты болғаны дұрыс. Алғашқы депутаттар іріктеуден өткен, елдің болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азаматтар деп есептеймін», – деді ол.