Елімізде айына миллион алатын маман иелері кімдер?

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
1674

Бұрын сұранысқа ие болмаған мамандыққа қазір ең көп айлық төленіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz. тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұрын аса көп сұранысқа ие бола қоймаған жүк көлігі секторы Қазақстанда көп айлық төленетін жұмыстардың біріне айналды. Бұл сектор бірнеше ай бұрын 33-ші, ал бір жыл бұрын 25-ші орында тұр еді.

Дата Хабтың хабарлауынша, Бұл саладағы орташа жалақы 2024 жылдың III тоқсанында 1 млн 44 мың теңгеден асты. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда екі есе көп, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Жалақының мұндай күрт өсуі бұл салада кәсіпорындар мен қызметкерлердің саны өте шектеулі болғанында — салада барлығы 6 компания жұмыс істейді. Жұмысшылардың жалпы саны 300 адамнан аспайды. Бұл жалақының күрт өсуіне сектордағы кәсіпорындардың бірі себеп болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Ұлттық стаститикалық бюро кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 837 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметіндегілердің орташа айлығы 829 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында орташа жалақы 629 мың теңге екенін хабарлайды.

Бұған дейін статбюро 2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрағанын хабарлаған еді. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...