Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған

Фото: Stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1642

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz-ке сілтеп.

Астанада Гүлмира Ашимова есімді әйел “ұлым терезеден құлап кетті” деп өтірік айтып, әріптестерін 2 миллион теңгеден астам ақшаға сан соқтырып кеткен.

Әйел құрылғыны алу үшін қомақты қаражат керек екенін, оны алу үшін банктен несие алғалы жатқанын айтқанда әріптесі жұмыстағылардан ақша жинап, 500 мың теңге салып жіберген.

Артынша зәбірленушілер Гүлмираның қазіргі күйеуіне хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын сұрастырған. Алайда күйеуі қайтыс болды деген Әмірдің сабақта екенін, ал Гүлмираның өзі жұмыс орны сұлулық салонында екенін айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...